Саясат • 15 Наурыз, 2021

«Жұртқа жақын полиция» қалыптастыру – күн тәртібіндегі мәселе

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымы мен Ішкі істер ми­нистрлігі «Қазақстанда қауіпсіз қа­уым­­дас­тық­тар» форумын өткізді. Іс-шара мем­ле­кет­тік органдар мен үкіметтік емес ұйым­дар­дың Қазақ­стан­да тұрақты және қауіпсіз қо­ғам­дастық құру жөніндегі күш-жігерін бірік­тіруге бағытталған.

«Жұртқа  жақын полиция» қалыптастыру – күн тәртібіндегі мәселе

Форумды Ішкі істер ми­нис­трі Ерлан Тұрғымбаев пен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо ашты. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектор компанияларының алпысқа жуық өкілі, соның ішінде Аргентина, Канада, Франция, АҚШ және Ұлыбританиядан спикерлер қатысты.

– Біз қоғамды реформалар қабылдау үрдісіне барынша жұмылдыруға тырысамыз. Сондай-ақ полициямен және басқа да мемлекеттік органдармен үнемі диалог құрып, қо­ғам­ның өз қауіпсіздігіне бейжай қарамай, жауапкершілігін арт­тыруға кө­мек­тесеміз, – деп атап өтті Дьердь Сабо.

Қатысушылар елімізде сер­вистік полиция құрудың ерек­шеліктері мен Қазақстанда ор­нықты және қауіпсіз қоғам­дас­тық­тар құру үшін мемлекеттік ор­гандардың, бизнес-қоғамдастық пен азаматтардың күш-жігерін біріктіру тақырыбын талқылады.

Форумда ЕҚЫҰ Бағдар­ла­малар офисінің Қара­ғанды облысында іске асырған қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз етудегі сер­вис­тік тәсілдемелер бойынша қа­натқақты жобасының нәти­желері таныстырылды. Жоба не­гі­зінде белгілі бір аумақ­тың проблемаларын жер­гілікті аумақта шешу үшін ве­домство­ара­лық топ құрылып, оған мем­ле­кеттік органдар мен қоғам өкілдері кірді.

– Мемлекет басшысы поли­цияны сервистік модельге кө­ші­руді жандандыруды тапсырды. Бүгінгі алаң полиция қыз­метін дамытудың жаңа тренд­­терін талқылауға, озық тәжіри­бе­мен бөлісуге, құқық бұзу­шы­лық­тың алдын алудың тиімді әдістерін табуға мүмкіндік бере­ді. Жұмыстағы жаңа тәсілдің арқа­сын­да біз нәтижелерді көріп отыр­мыз. Полиция халықпен тығыз жұмыс істейтін жерде қыл­мысқа қарсы күресте ай­тар­­лық­тай нәтижелерге қол жет­кізуге болады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Қазақстанның ІІМ өкілдері жүргізіліп жатқан полицияны жаңғырту нәтижелері туралы айтып, келешекке арналған перспективаларды белгіледі. Сервистік бағдарланған полиция құру реформаның маңызды міндеттерінің бірі екені атап өтілді. Бүгінгі таңда құқық қор­ғау қызметтері сапасының бас­ты өлшемшарты халықтың сені­мі мен өз құқықтарын қор­ғауға жү­гінген азаматтардың қана­ғат­­тану деңгейі болып табылады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін учаскелік инспекторлар мен олар­дың көмекшілері «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыс істеп, ыңғайлы пат­рульдеу әдісі енгізіліп, учаскелік патруль­дер­дің жұмысын цифр­ландыру жүргізілетіні белгілі болды.

Өз кезегінде, Қазақстанның IT-қауымдастығы форумда елдегі қауіпсіздік жағдайын жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алуда бейнекамераларды пайдалану үшін процестерді цифр­ландыру мүмкіндіктерін та­ныс­­тыр­ды. Шетелдік сарапшылар өз елдерінің азаматтардың өмір сүруі үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау және халықпен диалог орнату тәжірибесін ортаға салды.

Сондай-ақ форумда Ақмола облысындағы «Родина» ауылы үлгісінде қауіпсіз қоғамдастық құрудағы жетіс­тіктер сөз болды. Форум тақырыбын талқылауға Қазақ­станның азаматтық белсен­ділері мен қоғам қайрат­керлері белсене қатысты. Олар ішкі іс­тер органдарын реформалау процесіне халықты көбірек тар­ту­ға ба­ғыт­талған бірқатар ұсыныс енгізді. Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұсыныстардың барлығы мұқият зерделенетінін жеткізді.