Нариман Бахытұлы 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығымен бітірген. Сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен құқықтану мамандығын алған.
Еңбек жолын 1993 жылы Орал қаласында мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған. 1994-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2001-2002 жылдары Маңғыстау облысының, ал, 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық салық комитетінің төрағасы болды.
2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, 2007-2010 жылдары Атырау облыстық салық комитетінің төрағасы, 2010-2013 жылдары Орал қалалық салық басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
Ал 2013-2015 жылдары «Аққамыс» АҚ төрағасының кеңесшісі, 2015-2020 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы, былтырғы наурыздан бері Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болған.