Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Атыраудағы түрмеден 63 жастағы әйел шартты түрде бостандыққа шықты

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы түрмеден 63 жастағы әйел шартты түрде бостандыққа шықты

Рабиға есімді 63 жастағы әйел Тараз қаласында есірткі сатумен айналысқан. Оны полиция қызметкерлері 2010 жылы героин сату кезінде ұстаған. Сот үкімімен 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген. Жазасын Қазақстанның өзге түрмелерінде өтеп, кейін Атыраудағы УГ-157/11 мекемесіне ауыстырылыпты.  

«Алайда, ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексіне сәйкес жазасын өтеуші 2021 жылдың наурыз айында мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Оған қажетті құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіліп, күтіп алуға туыстары шақырылды. Жазасын өтеу кезінде тәртіпті болып, құқық бұзушылықтармен көзге түскен жоқ. Ол туралы мәлімет Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД жіберілді» дейді УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Шартты түрде бостандыққа шыққан 63 жастағы Рабиға Тараздағы үйіне оралып,  туыстарымен кездеспек. Содан кейін түрмеде болған кезде өмірден өткен туыстарының рухына құран бағыштауды көздеп отыр.

«Түрмеде өткен 11 жылда көп нәрсені жоғалттым. Жасаған қылмысыма өкінумен болдым. Қартайған кезімде немере-шөберемді ойнатудың орнына, қылмыс жасадым. Мекеме қызметкерлері мені тәрбиелеп, дұрыс жолға салды. Қалған өмірімді тыныш өткізгім келеді» дейді Рабиға.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45