Аймақтар • 16 Наурыз, 2021

Ащысай ауылының жоғалып кеткен тұрғыны табылды

1751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ащысай ауылының жоғалып кеткен тұрғыны табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да  құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.

Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты. Ер адам медицналық көмекке мұқтаж емес.