Аймақтар • 16 Наурыз, 2021

Атыраулық полицейлер өрттен 7 адамды құтқарды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түн ортасында Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде тұрғын үйдің бірі  өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық полицейлер өрттен 7 адамды құтқарды

«Учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов,  полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев түнгі сағат 01:00 шамасында ауылдағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққанын байқаған. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, өртенген  үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды сөндіруге көмектескен.