Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің Қызылордадағы заңсыздықтар туралы жазбасы жиілеп кетті. Жақында фейсбуктегі парақшасы арқылы облыстық Полиция департаментіне үндеу жариялаған заңгерге жергілікті құқық қорғаушылардың да айтар уәждері бар екен.
Өткен жылдың 24 желтоқсанында облыс орталығында жол-көлік оқиғасы болғаны рас. Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші инспекторы тиісті іс-құжаттарды жинақтап, жол-көлік оқиғасы бойынша сызба жасалып, көлік руліндегі әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс ресімделген.
Бұл дерек бойынша Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік іс жүргізіп, сотқа жолдапты. 10 наурызда Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешіміне сәйкес көлік басқарған адам кінәлі деп танылып, оған 116 680 теңге айыппұл салынған.
Осы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз баланың да бейнежазбасын көрдік. Үш айға созылған істің шешілуіне ықпал еткен заңгерге алғыс айтыпты. Полицейлерге деген өкпесін де жасырып қалмапты. Облыстық ПД баспасөз қызметі өз қызметкерлерінің былтыр 24 желтоқсанда болған бұл оқиғадан кейін сот-медициналық сараптама қорытындысын күткенін айтады. Әуелгі шешімге жәбірленуші келіспеген соң қайта сараптама тағайындалып, соның нәтижесіне қарайлаған көрінеді.
Ал осы жылдың 3 қаңтарында Шиелі ауданында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама ресімделіп, жол-көлік оқиғасынан дене жарақаттарын алған азаматтарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысы «Опель Вектра» маркалы автокөлігіндегі екі жолаушының «ауыр» дәрежелі дене жарақаттарын алғандығын көрсеткен.
«УАЗ» автокөлігі жүргізушісінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болуына байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті заңгердің «Алматыда пробациялық есепте тұратын адамның Шиелідегі қылмысқа қатысы болмаса да жауапқа тартылып отыр», дегенімен келіспейді. «Бұл дерек бойынша Шиелі аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, күдіктінің іс-әрекеті толық әшкереленген», дейді олар. Қылмыстық іс айыптау актісімен аудандық прокуратураға жолданып, 21 қаңтарда келісім алынып, сотқа жолданды. Қазір іс сотта қаралуда.
Әлеуметтік желіде жөндеуге берген көлігіне шебер қасақана зақым келтірген тұрғынның жанайқайы да жүр. Қоғам белсендісі айтқан осы мәселеге орай полицейлер тиісті шара жүргізіліп жатқанын жеткізген еді. «Арызым мерзімінде тіркелмеді» деген азамат құқық қорғаушылардың бейжайлығына өкпе айтады. Тергеушінің іс жүргізуден бұрын екі жақты ың-шыңсыз келісе салуға шақырғанына да наразы. Заңгер қызылордалық құқық қорғаушыларға арнаған бейнежазбасында «Облыстағы полицейлер арасында екі жақты ымыраластырып, істі ың-шыңсыз бітіруге тырысатындар бар» дегенді айтқан еді. Әрине, бітім шарты қос тараптың да көңілінен шығып жатса, әңгіме басқа. Бірақ әлеуметтік желіде погон таққандардың осы әдісті жиі қолданатынын айтқандардың шырылы басымдау естіліп тұрған сияқты.
Айтпақшы, әлеуметтік желідегі бейнежазбада айтылған мәселелерге байланысты облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын бастап кетіпті. Бұл іс мұқият тексерілмесе, біздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» айналуға талпынған талабымызға тұсау болмақ.
Қазір қоғам белсендісінің үндеуіне пікір білдіріп жатқандар көп. Желідегі жұрттың айтқандары Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің атқарар жұмысы аз болмайтынын байқатып тұрғандай.
ҚЫЗЫЛОРДА
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар