Экономика • 17 Наурыз, 2021

Мемлекет бизнестің «көз жасына» сенсе игі

191 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Мемлекеттік органдар елдегі кәсіпкерлерді орынсыз тексеруін азайтпай отыр. Статистикаға үңілсек, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту саны көбейген. 2015 жылмен (235 мың) салыстырғанда 2019 жылы (500 мыңнан аса) екі есе дерлік артқан. Бұл әрбір үшінші бизнесмен әкімшілік жауапқа тартылғанын білдіреді», дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Өстеміров.

Мемлекет бизнестің «көз жасына» сенсе игі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «бизнес-климаттағы» мәселелерге ерекше көңіл бөлгені белгілі. Президент рет­теушілік саясаттың негізгі қағи­даттарын өзгерту керегін де айт­қан. Осыған байланысты кәсіп­­керлік саласын дамытуға бай­ла­нысты атқарылған шаруалар аз емес. Е.Өстеміровтің айтуын­ша, соң­ғы жылдары тексеру азайып, биз­нес шығындары едәуір төмендеген. «Нақ­тырақ айтсақ, Кәсіп­керлік кодексі, бизнесті жүр­гізу шартта­рын жеңілдетуге бағыт­талған тү­зе­­тулердің 8 пакеті және рұқ­сат­­тар мен хабарламалар туралы заң әзірленіп, қабылданды. Со­ның нә­ти­жесінде «гильотина» қағи­даты­на сәйкес мемлекеттік орган­дардың рұқсаттары мен лицензия­лары және бақылау функциялары қысқартылды. Елдегі кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге бай­­л­анысты қолға алынған шара­лар­ды халықаралық даму инсти­тут­тары мен сарапшылар да оң бағалап отыр. Дүниежүзілік банк­тің «Doing Business-2020» рей­тингін­де  Қазақстан 25-орынға ие болуы – соның дәлелі», дейді Е.Өстеміров.

Дегенмен де кәсіпкерлер биз­несті реттеу саясатының сапасына аса көңіл бөлінбегенін айтады. Соның салдарынан бірқатар күр­меулі мәселе туындаған. Айта­лық, кәсіпкерді әкімшілік жауап­керші­лікке тарту көбейген. 2015 жыл­мен салыстырғанда оның саны 2019 жылы екі есе дерлік арт­қан. Бұл − әрбір үшінші бизнес­мен әкімшілік жауапқа тартылады деген сөз. Бұған қоса, бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдар мен басшыларына деген арыз-шағымы 4 есе артқан. Айталық, 2015 жылы 17,5 мыңға жуық шағым болса, 2019 жылы  бұл көрсеткіш 73 мыңнан асқан. «Мемлекеттік органдар жыл сайын кәсіпкерлерге талап қояды. Бірақ оның қандай талап екені нақтыланбайды. Бизнеске 13 мыңнан аса талап қойылса, кәсіпкерлер бұл туралы толық хабардар болмаған да. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет − бизнеске, бизнес мемлекетке сенбейді. Сондықтан Жолдауда айтылғандай, бизнесті «таза парақтан» реттеуді енгізудің маңызы зор», дейді кеңесші.

Президенттің тапсырмасы аясында «Атамекен» ҰКП  Үкіметпен бірлесе отырып,  отандық және шетелдік сарапшылардың, соның ішінде Дүниежүзілік банк пен USAID өкілдерінің қатысуымен жаңа реттеу саясатының негізгі қағидаттары мен алғышарттарын әзір­лепті. Е.Өстеміровтің айтуын­ша, бұл ұсыныстар жалпы тұжы­рым­дамалық тұрғыдан қолдау тауып, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығында «Қазақстан Респуб­ликасында кәсіпкерлік саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында бекітілген.

«Таза парақтан» реттеу деге­німіз не? Бұл – реттеу саясатын­дағы негізгі тәсілдерді өзгерту және кешенді әрі тиімді реттеуді құ­ру арқылы мемлекеттік реттеу­дің барлық тәсілін түбегейлі қарау. «Бұл жұмыс барысында биз­несті мемлекеттік реттеудің база­лық қағидаттарын, бизнес­ке қойылатын талаптарды қалып­тастырудың база­лық шарттарын анықтау, мін­детті талаптар тізілімін, «1-in 2-out» қағидатын, эксперименталды құқықтық режім енгізу жос­пар­ланған. Ал 2024 жылдан бас­тап «реттеушілік гильотина» іске қосылады. Ұсынылып отыр­ған шаралар ескі, шамадан тыс қай­тала­натын реттеушілік талаптарды азайту­ға, бизнесті жүргізу шарттарын жақсартуға және бизнесті «ақылды реттеудің» жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді», деді Е.Өстеміров.