Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Атырауда жергілікті бюджетке 20 млрд теңге кіріс артық түсті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында былтыр жергілікті бюджетке жоспардағыдан артық түскен кіріс көлемі 20 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда жергілікті бюджетке 20 млрд теңге кіріс артық түсті

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев мәлім етті.

«Жергілікті бюджетке кіріс болжамы былтыр 350,4 млрд теңге көлемінде жоспарлаған еді. Өткен жылдың қорытындысымен бюджетке 371,1 млрд теңге көлемінде нақты төлем түсті. Бюджеттің кіріс болжамы 20,7 млрд теңгеге артығымен орындалды», дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының орынбасары Бекен Шанаев.

Оның мәліметіне сүйенсек, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтыған 12 мыңға тарта кәсіпкерлік субьектісі салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылыпты. Сондай-ақ, департаментте 953 079 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде электронды түрде ұсынылған 928 162 қызмет бар. Бұл барлық қызметтің 97,4 процентін құрайды.