Басты мақсат – қаланың экологиясын жақсарту және жолаушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру. Қалаға келген жаңа автобустар партиясының бөлігін тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген 34 бағыт бойынша жүргізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Олар 20 наурыздан бастап тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Ұзындығы 12 метр болатын су жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы платформа қарастырылған. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған.
Еске салсақ, жаңадан қослыған көліктерді есептегенде қала бағыттарында газбен жүретін 389 автобус қызмет көрсететін болады.