Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Атырауда екі жылда экологияны ластаушылардан 5 млрд 169 млн теңге өндірілген

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр табиғат пайдаланушылардың қызметіне 83 тексеру жүргізіліпті. Тексерулер нәтижесінде экологиялық заңнама талабы 244 рет бұзылғаны анықталып отыр.  

Атырауда екі жылда экологияны ластаушылардан 5 млрд 169 млн теңге өндірілген

«Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты 95 әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік істі қарау қорытындысымен жалпы құны 96 млн 017 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сондай-ақ, экологиялық заңнаманың бұзылуын жою туралы 1 млрд 184 млн  995 мың 111 теңгенің 64 нұсқамасы берілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот органдарына заңнаманы бұзып, жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру туралы 17 талап-арыз ұсынылыпты. Сот шешімдерімен заңнама талаптарын бұзуға жол берген табиғат пайдаланушылардың қызметі тоқтатылды.

«Департамент қызметкерлері 2019-2020 жылдары мемлекет кірісіне жалпы соммасы 5 миллиард 169 миллион 636 мың теңге өндіріп алды», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.