24 Сәуір, 2010

ТАҒЫЛЫМДЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ жерінің тау мен тасы, даласы мен сай-саласы, ең аяғы бір тал жусанының да өзіндік тағылым алар тарихы бар. Тек соның тереңіне бойлап, таным­дық жағынан таңдай біліп, зерттеп, зерделеп ұрпаққа сый-сыбаға етіп ұсына алсақ жетіп жатыр. Осындай игілікті іске соң­ғы жылдары елордадағы “Фо­лиант” баспасы ұйытқы болып келеді. “Менің Отаным – Қазақстан” сериясымен жарық көрген руха­ни құнды­лықтар сол сөзімізге дәлел болса керек. Өлкетану тақырыбындағы та­ри­хи-танымдық, көркемсурет­ті, іші-сырты Отанымыз­дағы қасиет­ті орындардың ше­жі­ресін шерт­кен “Ұлытау”, “Ойыл”, “Ерей­ментау”, “Оты­рар” атты кө­лемді еңбек­тер өткен жылы жұрт­шы­лық қолына тисе, таяуда белгілі жазу­шы Қалаубек Тұр­сын­­құлов­тың “Қазы­ғұрт” кітабы жарық көрді. Құнды дүниеге демеу­шілік жаса­ған ұлт руха­ния­тының жан­ашыры Бекет Тұр­ғараев екенін айта кеткеніміз ләзім. Іргелі еңбекте Қазығұрт өңірінің арғы-бергі тарихы жүйелі жазылып, аңыз-әпсана­лар­дың беймәлім сырлары әсер­лі баяндалған. Сонау ықы­лым заманда осы өлкені жан­кешті­лік­пен талмай кезген Қы­тай жи­һанкездерінің, сондай-ақ кейін­гі саяхатшылардың жазба­ларын­дағы деректер нанымды­лығымен есте қалады. Түрік қағанатының ақылман арыс­тары, одан бергі ұлы хандар мен парасат пайы­мы, ой өлшемі биік би-шешен­дері, тарихта ел мен жерінің тұтастығын, хал­қының береке-бірлігін сақтаған тұлғалары жан-жақты көрініс тапқан. Осындай салиқалы кітаптың тұсаукесер рәсімі Астанадағы ұлттық кітапхананың ұйытқы болуымен өтіп, жақсы дүниенің жетістіктері туралы көрнекті қалам­герлер К.Салықов, Ә.Та­ра­зи, С.Абдрахманов, сенатор Ғ.Есім сөз сөйлесе, кітап ав­торы­ның жары Нағима жеңгей көрсетілген құрметке шынайы ризашылығын білдірді. Сүлеймен МӘМЕТ.