Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Кез-келген кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық қызметкері конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;
2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс қызметкері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс облыстық және республикалық кезеңнен тұрады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе қызметкердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
* мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
* біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 16 наурызынан бастап 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 70-32-79, 8-705-414-80-27 («Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ) телефоны арқылы алуға болады.
Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 13 үй, 2-қабат, 217 кеңсе, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл.пошта: l.babieva@astana.kz.