Қазақстан • 18 Наурыз, 2021

А. Балаева: Отбасы институтына, бала тәрбиесі мен білімге ерекше көңіл бөлу керек

22 рет көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен онлайн форматта «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева және басқа да ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, мемлекеттік органдардың көрнекті өкілдері, ҮЕҰ басшылары мен сарапшылар қатысты.

Министр Аида Балаева барлық шара қатысушыларын алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейліктің негізін құрайтын мәдениет пен дәстүрлерді сақтау қажеттілігі туралы айтқанын еске салды. Осылайша, министр Президенттің тапсырмасы бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу Тұжырымдамасының жобасы дайындалғанын, оған сәйкес мерекенің рухани-адамгершілік мазмұнын дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ, Аида Балаева бұл шаралар Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев идеялық бастамашысы болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстел қатысушылары Берік Әбдіғалиұлы, Талғат Қалиев, Дәулеткерей Қапұлы, Мәдина Нұрғалиева, Жанар Бұқанова, Өте Дархан, Мақсұтбек Айтмағанбет және басқа да сарапшылар рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселелері бойынша өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында, айтылған ұсыныстарды қорытындылай келе, Аида Балаева білім беру, бала тәрбиесі және отбасы институтын нығайту мәселелерінің өзектілігін айрықша атап өтті.

Министр бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына – виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор екенін айтты.

Осыған байланысты, ол министрлік «Ақылды ұрпақ», сондай-ақ бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған "Ulttyq tarbie" жобаларын іске асыратынын хабарлады.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ескертулері жинақталып, «Рухани жаңғыру» орталығының алдағы жұмысында ескерілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар

6 өңір «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус • Кеше

Депутатты пышақтап кетті

Әлем • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Қазақстанда ревакцинация қалай өтеді?

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар