Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Хакім Абайдың ұрпақтарына қатысты құнды жәдігер табылды

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Хакім Абай Құнанбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған перзенті Тұрағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Хакім Абайдың ұрпақтарына қатысты құнды жәдігер табылды

Ғалымдардың айтуынша, 1990 жылдары Мәкен Тұрағұлқызы алмағайып заманда шейіт кеткен әкесінің аты өшпесін  һәм тарихта мәңгі қалсын деген ниетпен «Мемориалды тақта» жасатқан. Бір ерекшелігі – ол мемориалды тақтада тек Тұрағұлдың ғана емес, Абайдың өзге де ұрпақтарының қай жылы, қай жерде жерленгендігі туралы ақпарат берілген.

1

Сондай-ақ, аталған тастұғырға Хакім Абайдың:

«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек», деген бір шумақ деген бір шумақ өлеңімен қоса: «Абай Құнанбаевтың Шымкент қаласында жерленген үрім-бұтағы» делініп, 4 адамның есімі мен қай жылы, қай жерде жерленгендері көрсетілген. Олар:

«Тұрағұл Абайұлы – Әйгерімнен туған. 1934 ж. ХФЗ аймағы;

Келіндері: Дәмежан – Микайлдің әйелі. 1960 ж. Шұқырсай,

Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты;

Немересі: Әубәкір – Ақылбайдың ұлы. 1933 ж. Көксай

Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ.

Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай.

Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска.

Внук: Аубакир – сын Акылбая. 1933 г. Коксай». Тастұғырдағы бұл мәтіндер қазақ-орыс тілдерінде берілген.

Бұл жәдігер сол жылдардан бері «Химфарм» акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталған. Ал Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай компания басшылығы құнды дүниені «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыс етуді жөн деп тапқан.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, бұл тастұғыр осы күнге дейін айтылып жүрген: «Турағұлдың сүйегі Шымкенттегі Қорғасын зауытының астында қалып қойды», - деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Өйткені аталмыш зауыт 1882 жылдары салынған, ал Тұрағұл  Ибраhимұлы 1934 жылы қайтыс болғаны белгілі.

Айта кетерлігі, табылған жәдігер  Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығының мұражайына қойылды. Орталық қызметкерлері құнды дүниеге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Шымкент

 

Соңғы жаңалықтар