Әлем • 18 Наурыз, 2021

Танзания президенті көз жұмды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танзания президенті Джон Магуфули өмірінің 61-ші жылында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz BBC.com сайтына сілтеме жасап.

Танзания президенті көз жұмды

Оның сәрсенбі күні Дар-эс-Саламе емханасында жүрек асқынуларынан көз жұмғанын мемлекеттік телеарнадан Самия Сулуху Хасан хабарлады.

Сонымен қатар, оппозициялық саясаткерлер өткен аптада президенттің Covid-19 инфекциясын жұқтырғанын айтты, алайда бұл ақпарат расталмады.

Айта кетейік, Магуфули Африкадағы ең танымал коронавирус скептиктерінің бірі болды және вируспен күресу үшін дұға және шөп-бу терапиясын ұсынды.

«Бүгін өкінішке қарай біз батыл көшбасшымыздан, Танзания Республикасының президенті Джон Помбе Магуфулиден айырылдық», деді вице-президент Хасан мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, елде 14 күндік ұлттық аза тұту жарияланды және жалаулар жартылай түсірілетін болады.