Қоғам • 19 Наурыз, 2021

Биыл жол активтерін басқару жүйесі іске қосылады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «Жол активтерін басқару жүйесін» енгізу жалғасуда. Жоба  жол саласын цифрландыру аясында Дүниежүзілік банктің қолдауымен  іске асырылып жатыр. Ол биыл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткеннен кейін, өнеркәсіптік пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жол активтерін басқару жүйесі іске қосылады

Жол активтерін басқару жүйесі – жіті жүргізілген аспапты зерттеудің деректерінің негізінде жөндеуге қажетті инвестиция көлемдерін болжайтын арнайы жетілдірілген ақпараттық жүйе.

Аталған жүйені енгізудің арқасында ақауларды ерте кезеңде жойып, күрделі шығындарды төмендетіп, жолдардың өмірлік циклының шығындарын қысқартуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жол желісінің жағдайын баға берудің сандық индикаторларынан сапалы көрсеткіштерге өту арқылы «Нәтижеге бағытталған бюджет» концепциясын іске асыруға жағдай жасалады.

Бүгінде ЖАБЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткізілуде. Бұдан соң өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған.

Айта кету керек, ЖАБЖ маңызды компоненттерінің бірі – көшпелі зертханалармен жол жағдайын аспаптық зерттеу. Биыл аспапты диагностикалауды республикалық маңызы бар жолдар желісінің 19 мың шақырымына жүргізу көзделген. Зерттеу құны 1,5 млрд теңге. Болашақта диагностика бойынша жұмыстармен еліміздің жергілікті маңызы бар жолдарын қамту жоспарланып отыр.