Мысалы, Әбу Райхан Беруни хижраның 363 жылы туған. Осыны бүгінгі жыл санауға айналдырайық, Ол үшін хижра жылын 33-ке (бұл екі жыл есебінің айырмасы) бөлу керек. Содан шыққан санды хижра жылынан алып таста да, жаңа санға 622 санын (хижра жылы) қос.
Нәтижесі:
а) 362: 33 = 11,
б) 362 – 11 = 351,
в) 351 + 622 = 973 жыл.
Әбу Райхан біздің жыл санауымыз бойынша 973 жылы туған екен.
Ж = X – (X : 33) + 622
Енді «Григориан» жыл есебін «Хижраға» айналдырып көрейік:
Мысалы, сіз 1965 жылы туғансыз. Ол үшін:
а) 1965 – 622 = 1343
б) 1343 : 33 = 42
в) 1343 + 42 = 1385 хижра жылы
Ескерту: санды 33-ке бөлгенде нәтиже қалдықпен шықса, қалдық 17 санынан көп болса, нәтиже бүтін санға айналдырылады. Қалдық 16 санынан аз болса тек бүтін бөлігі алынады.