Аймақтар • 20 Наурыз, 2021

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында карантин шаралары күшейтілді. 2021 жылдың 21-28 наурыз аралығына дейін жаңа қаулы қабылданды.

Бекшиннің айтуынша, қалада мутацияға ұшыраған коронавирус анықталған. Бұл туралы ДСМ басшысы Алексей Цой мәлімдеген.

«Мутацияға ұшыраған вирустың бұрынғы вирустан қауіптілігі 7 %-ға көп. Қалада жұғу көрсеткіші 70%-ға көтерілді»,  дейді  қаланың бас санитар дәрігері.

Алматы қаласында 2021 жылдың 21-28-шi наурызы аралығында коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі ic-шараларды күшейту туралы қаулы:         

                                                                                                                          ьлж