Теннис • 21 Наурыз, 2021

Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Бұл күндері Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған бәсекеде ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздарына Олимпиадаға жолдама үлестіріледі. Әйелдер арасында жекелей сайыстың финалында отандасымыз Анастасия Лаврова бақ сынады. 

Ол ақтық кезеңде өзбекстандық Мухабо Магдиеваны жеңді. Екеуара кездесу 4:2 есебімен аяқталып, ойын Лаврованың еншісіне шешілді.