Спорт • 21 Наурыз, 2021

Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде топ жарды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүзуден Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады. 

Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде топ жарды

100 метрге шалқалап жүзуден Әділ Қасқабай төртінші орын иеленді. Әйелдер арасындағы осы қашықтықта Анастасия Резанцева алғашқы төрттіке енген. 

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге «брасс» әдісімен жүзуде топ жарды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 10.11 секундта жүзіп өтті. 

50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин топ жарса, 200 метрге «баттерфляй» әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бесінші орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алған болатын.