Әлем • 22 Наурыз, 2021

АТМӨ елдері Қазақстанның волонтер жылына қатысты бастамасын қолдауға шақырды

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін, 2021 жылғы 22 наурызда Бангкок қаласында (Тайланд) VIII Азия-Тынық мұхиты форумы аясында "Волонтерлік онжылдыққа арналған іс-қимылдарды трансформациялау стратегиясы ретінде" тақырыбында панельдік дискуссия өтті.

АТМӨ елдері Қазақстанның волонтер жылына қатысты бастамасын қолдауға шақырды

Іс-шараға онлайн-форматта ZOOM алаңын қосу арқылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов қатысты.
Өз сөзінің басында Болат Тлепов Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушыларды мерекемен құттықтап, форумның Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін маңызды Наурыз мейрамын атап өту күнімен сәйкес келіп отырғанын атап өтті. «Ежелгі дәуірден бастау алған бұл мереке жаңару кезеңін білдіреді. Бұл достық, өзара сыйластық пен келісімді нығайтуға үлес қосатын шын мәніндегі жалпыхалықтық мереке», - деді Болат Тлепов.

Вице-министр қатысушылардың назарын пандемия әлемнің технологиялық дәуірде өмір сүріп жатқанына қарамастан, адамзаттың қаншалықты осал және өзара тәуелді екенін көрсетіп отырғандығына аударды.

Сөз сөйлеу барысында Болат Тлепов волонтерлердің еліміздің қоғамдық өміріндегі рөлі және Қазақстанда еріктілер қозғалысын дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған шараларын айтып берді.

Атап айтқанда, жүргізіліп отырған шаралар нәтижесінде, ол Қазақстанда "Волонтер жылы" аясында өткен 2020 жылдың өзінде волонтерлік ұйымдар мен топтардың саны 3 есе, тұрақты волонтерлер саны 4 есе, олардың саны 200 мыңнан астам адам өскенін хабарлады.

"Пандемиямен күрес кезеңінде еріктілер қозғалысына 1 миллионға жуық қазақстандық қосылып, 1,5 миллионнан астам азаматтарымызға көмек көрсетілді", — деді ол.

Сонымен қатар, Болат Тлепов Қазақстанның халықаралық волонтерлікті дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті.
Ынталандыру шараларының бірі - Қазақстандағы Волонтер жылы аясында құрылған "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы. Өткен жылы оны Қазақстан, Ресей, Қырғызстаннан келген 48 белсенді волонтер алды. Бұдан басқа, бүгінде БҰҰ жүйесінде Қазақстаннан 71 волонтер қызмет етеді, оның ішінде 42 әйел, оның ішінде 7 волонтер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен БҒДҰ арасындағы әріптестік туралы Келісім шеңберінде БҰҰ-ның түрлі агенттіктеріне жіберілген.

Болат Тлепов Қазақстан БҰҰ БА қарарының мәтініне волонтерлікті 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асырудың әмбебап құралы деп тану туралы тармақты енгізуге бастама жасағанын еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл қарар БҰҰ-ға мүше елдермен қолдау тауып, 2020 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын.

Болат Тлепов: "Өткен жылы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастама көтерген болатын. Бүгінгі таңда БҰҰ ДБ-мен оны ілгерілету, БҰҰ-ның тиісті қарарын дайындау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты тұрақты даму жөніндегі Азия – Тынық мұхиты форумына қатысушы елдерден Қазақстанның бастамасын қолдауды және "қайырымды істер" дүниежүзілік идеясын іске асыруды сұраймыз.

Анықтама: Азия-Тынық мұхит форумы даму мәселелері жөніндегі өңірлік диалогқа жәрдемдесу мақсатында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) аясында өткізіледі.