Елорда • 23 Наурыз, 2021

Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96-ны, ал репродуктивті саны 1,506-ны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді.

Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз).

Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%.

Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз өтініші бойынша.

Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53.

Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды.

Анықталған – 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны – 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар – 1917).

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:

- Маска режимі;

- адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);

- әлеуметтік қашықтық;

- қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.

Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025