Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

СҚО-да 60 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолдың қанағаттанарлықсыз күйі үшін Солтүстік Қазақстан облысында 60 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да 60 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Қыста жолдың жағдайына бақылау жасау – полицияның суық түсе кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі. Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға «Қазақавтодор» ЖШС қызмет көрсетеді, күн сайын қар тазалайтын 60 техника шығады.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін «Петропавл Жолдары» ЖШС-нің мен үш қосалқы мердігер ұйымның 114 техникасы қызмет көрсетеді. Петропавлдың көше-жол желісіне 22 коммуналдық ұйым қарайды. Биылғы қыс жол қызметтерін әуре-сарсаңға салды. Күн сайын облыс орталығының көшелерін тазартуға 500-ге дейін техника шықты. Қаланың көлік жүретін жолдарын тазалап үлгеріп тұрды, енді кәсіпорындар тротуарларды тазартуға көшті.

Жұмыс жоспарлары Солтүстік Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері күнделікті жүргізетін тексеріс нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

Тексеріс нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым жолданады. Мысалға, наурыз айының басында Қизатов көшесінің бойындағы Омбы айналма жолы мен Борки кентіне дейінгі аралықта терең дөңгелек іздері пайда болғаны анықталды. Қызмет көрсететін кәсіпорынға қатысты ұйғарым шығарылды, күшейтілген жұмыс нәтижесінде алты сағаттың ішінде кемшілік жойылды. Жыл басынан бері полицейлер мүдделі ұйымдарға 223 ұйғарым жолдады. Жолдар мен жол құрылыстарын қанағаттанарлықсыз деңгейде күтіп-ұстағаны үшін 60 оның ішінде ұйғарымдарды орындамаған үш лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.