Елорда • 25 Наурыз, 2021

Елордада бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте екі ауысымда жұмыс істеуде. Бүгін елордада қар күреу жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшы шықты, 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бір күн бұрын елордада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып кетті. Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстарын жүргізу кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда қарқынды жүргізіледі.

24 наурыздан 25-іне қараған түні қаладан 54 мың текше метрден астам, тәулігіне 111 мың текше метрден аса қар шығарылды. Қарды күреуге 1200-ден астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшы шықты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 2000-ға жуық жол жұмысшы мен 1500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. аумақтардың қары күреледі.

Жиналған қар елордадағы 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Қысқы кезеңнің басынан бері қаладан 4 600 000 текше метрден астам қар шығарылды.