Білім • 26 Наурыз, 2021

Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқитын болады? Жаңа қаулы қабылданды

111 рет көрсетілді

 

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа қаулыға сәйкес 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек ;

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар