Белгілі болғандай, бала пәтерде екі тәулік бойы аш отырған. Сөйтсе, анасы Өскемен қаласына сүйіктісіне кеткен. Облыстық полиция департаментіне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны көрші пәтерде баланың жалғыз қалғаны туралы хабардар еткен.
Фатима Ахметжанованың айтуынша, әйелді пәтерде баланың жалғыз қалып, аш отырғаны уайымдатпаған көрінеді. Дереу іске көшкен ТЖ қызметкерлері құлыпты бұзып, артынша баланың қалада әжесі бар екені анықталған. Бірақ анасы кетер алдында қызын неліктен әжесіне қалдырып кетпегені көңілге күдік ұялатады. Полиция өкілдері қызды әжесіне қолхатпен тапсырды.
Аталған деректер бойынша баласына немқұрайды қараған анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Бұған дейін кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бірақ одан сабақ алмаған», деп хабарлады полиция өкілдері.
Одан өзге, әйелдің мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Онда бала анасының қолында қала ма, жоқ па белгісіз.