Туризм • 26 Наурыз, 2021

Туроператорлар ПТР тесттің құнын турпакетке қосатын болды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан туроператорлар қауымдастығы ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманы елімізге ұшардан 72 сағат бұрын жасауды міндеттеуді сұрады. Аталған ереже Мысыр, БАӘ, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка және Түркиядан Қазақстанның барлық қаласына ұшатын рейске қатысты болады. Өкім-хат аталған бағыттар бойынша қызмет көрсететін барлық авиакомпанияға жолданды. Бұл талап барлық (чартерлік/тұрақты) туристік рейске қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Туроператорлар ПТР тесттің құнын турпакетке қосатын болды

«Елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, коронавирустың таралуын азайту мақсатында қауымдастық зерттеу құнын турпакетке қосу туралы шешім қабылдады. Бұл қолданыстағы туристік ағымды сақтап, азаматтарымызға шетелде демалуға мүмкіндік беретін жалғыз шешім», деді Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.

«Біз шетелде тест тапсырудың бірнеше нұсқасын шұғыл түрде қарастырып жатырмыз. Мысалы, туроператорлар медицина қызметкерлерінің қонақ үйлерге келуін ұйымдастырады немесе керісінше демалушыларды арнайы тест жасайтын пункттерге апарады», деп атап өтті Tui Kazakhstan директоры Салтанат Омарова.