Театр • 26 Наурыз, 2021

«Қаллеки» театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтеді

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 29, 30, 31 наурызында Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Қаллеки» театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтеді

Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін театр репертуарының қоржыны Құнанбай бейнесімен толығады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Туынды авторы – Таласбек Әсемқұлов, қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.