Білім • 26 Наурыз, 2021

Өскеменде физика орталығы ашылды

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XXI ғасыр – ғылым мен инновация дәуірі. Рас, ғылымға, техникаға бет бұрып жатқан жастар аз емес бүгінде. Жуықта білімге ұмытылған жастар үшін Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бес оқу зертханасымен жабдықталған физика орталығы ашылды. 

Өскеменде физика орталығы ашылды

Өнеркәсіптік облыстың орталығында орналасқан ШҚТУ басшылығы физика-математика ғылымдары бойынша базалық дайындықты күшейтуді мақсат етіп отыр.  Соның арқасында техникалық университет тірек оқу орнына айнала алады.

Өңір экономикасын дамыту үшін қоғамға ғылыми кадрлар керек. Ал жастардың алаңсыз ғылыммен айналысуы үшін жоғары оқу орын қабырғасында барынша жағдай жасалуы тиіс. Жаңадан ашылған физика орталығында бірнеше оқу зертханасы біріктірілген. Атап айтсақ, «механика», «молекулалық физика және термодинамика», «электр және магнитизм», «оптика», «атомдық және ядролық физика», сондай-ақ, «техникалық физика» бағыттары бойынша.

Физика орталығы студенттердің цифрлық жобалау дағдыларын қалыптастыруға да мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында студенттердің онлайн түрде білім алуларына да барынша жағдай жасалған. Мысалы, білім алушыларға арналған білім беру порталында EKTU-LAB парақшасы бар. Мұнда студенттер онлайн режимде физика бойынша зертханалық жұмыстарды орындай алады.

Соңғы жаңалықтар