Коронавирус • 29 Наурыз, 2021

Коронавируспен жаппай күресу – парыз

307 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опат­тың беті қайтар емес. Жарияланған каран­тин­дер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, ко­ронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді. Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опат­тың беті қайтар емес. Жарияланған каран­тин­дер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, ко­ронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді.

Коронавируспен жаппай күресу – парыз

Коронавирустың кеселді екпінінен зардап шегіп отырған Қазақстандағы жағдай да қалың жұртты алаңдатып отыр. Қауіпті кірме індетке байланысты қа­быр­ғамызды қайыстырып отырған жайт, елі­міз­ге коронавирус келгелі барлығы 200 мың­нан аса адам науқасқа шалдыққан, 2 мың­нан астамы қайтыс болған. Сондықтан ін­дет­пен күресті пәрменді ету мен алдын алу шара­ларын жетілдіруге ой салу – әр қазақ­стан­дықтың парызы.

Әуелі мемлекетіміздің құзіретті орган­да­рының қойған кейбір маңызды талаптарына көңіл бөлейік. Сонымен, Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Са­нитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шара­лар­ды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мә­селелері туралы» бұйрығына сай бекіген талаптар жеткілікті орындалып отыр ма? Жоқ деу­ге мәжбүрміз. Өйткені күнделікті көзімізбен көріп жүрген жағдай мүлдем басқаша. Халық көп шоғырланатын дүкендер, супермаркеттер мен басқа да ор­талықтарда адам арасы 2 метрлік әлеу­мет­тік қашықтық сақталмайды. Дүкен кас­са­сына кезекте тұрғандардың көбісі бір-бірінің желкелеріне төніп тұрып алады. Сорақысы, бетперде кимей жүрген азаматтар да кезігеді. Ал бетперде кигендерінің біразы оны иектеріне түсіріп қояды немесе тек ауызын ғана жауып жүреді. Ал нақты қауіп тыныс жүйесінен келетінін көбісі ескермейді. Ал тыныс жүйесін бетпердемен жапқандардың ішінде, оның жоғарғы жағындағы сымды мұрынның қырына қапсырып ұстатуға көбіне мән бер­мейді. Ол солқылдақ түрінде ілініп тұрады. Дұрысы, бетперденің шетінде еш саңылау болмауы тиіс. Ғалымдардың кейінгі зерттеулері бойынша қолданыстағы бет­перделерді біріне-бірін қосақтап таққан тиімді. Коронавирустың адам көзіне түссе ағзасына қауіп тудыратынын ғалымдар анықтады. Бұған бетперде өндірушілері неге көңіл бөлмей келеді? Пайдалысы, бетперде өндірушілер бетті көзбен қоса түгел жауып тұратын бетперде шығарғаны жөн болар еді. Жұртшылыққа кең тараған сөздікте мынадай түсініктеме берілген: «БЕТПЕРДЕ Адамның бет-жүзін жасы­рып тұратын арнайы жапсырма, маска». Сонымен, санамызға жетерліктей түсі­нік­темеге сай «бетперде» немесе «маска» (Специальная накладка, скрывающая лицо... И.И.Ожегов. Словарь русского языка. М.,1973, стр.321) адамның бетін түгелдей жа­уып тұратын құрал, медициналық бұ­йым болуы ықтимал еді. Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы, мемлекет басшылары мен медицина құралдары мен бұйымдарын шығаратын өндірушілер әлі күнге дейін оған мән бермегені өкінішті жағдай. Өйткені коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің барлығының да беттері бетперделермен толық жабылған. Қазір адамдар өмір мен өлім қылкөпірінің арасында тұрғаны айқын. Әр азамат осыны жіті түсініп, өз іс-әрекетіне жауаптылықтың мәнін санасына жүктеуі айнымас қа­жет­тілік. Бақылау шаралары жолға қо­йыл­май кеселді індетпен күрес дәрменсіз болатыны анық. Ал бірді-екілі тексеріс болса да, оның түсірілімін күнделікті теледидардан ұсынылғанын көрмедік. Індетпен күрес іс-шараларын насихаттау бұқара халыққа түсінікті де көрнекті болуы керек. Яғни қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру мәселелеріне көңіл бөлу керек.

 

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ,

заңгер, публицист