Өнер • 29 Наурыз, 2021

Иманбек Зейкенов өзінің құрметіне көше мен мектептің атауын беруге қатысты пікір білдірді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнінің ремиксі үшін «Грэмми» алған Қазақстанның танымал музыканты Иманбек Зейкенов (Imanbek) өзінің құрметіне көше мен мектептің атауын беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Иманбек Зейкенов өзінің құрметіне көше мен мектептің атауын беруге қатысты пікір білдірді

Бұған дейін Экономист Арман Байғанов мектепке немесе көшеге Иманбек Зейкеновтің есімін беруді ұсынған еді.


«Олар менің атымды көше немесе мектепке беру туралы айтса да, мен бұған мүмкіндігінше қарсы боламын. Бұл менің атыммен көшені атайтындай керемет жетістік емес. Меніңше, бұл ақшаны ысырап ету. Иә, менің атымды мектепке беретіндей мен кіммін? Мен ғалым емеспін. Осы туралы (Иманбектің құрметіне көше атауы) пікір жазатын адамдар бар, бұл ақымақтық, бұл жеке басты қорлауға дейін өтіп кетеді», дейді Иманбек Зейкенов.