Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

2373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Құрманғазы көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Сағат 13.56-да жасы шамамен 68-дегі ер адамның құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ол оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.