Оқиға • 30 Наурыз, 2021

Кедергілерді анықтау және жою әдістемесі күшіне енді

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 10 наурызда Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын­дағы кедергілерді тосқауыл­дар­ға бөлудің, алып қою­дың және шек­теудің және тосқауыл­дарды жойылған деп танудың жаңа әдістемесі күшіне енді.

Кедергілерді анықтау және жою әдістемесі күшіне енді

Кедер Әдістемеде басқа мүше мем­ле­кет­­­тердің нарықтарына қол жет­­­кізу проблемалары тура­лы мүше мемлекеттердің өті­ніш­­­терін қарау процесі және ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің мем­ле­кет­­тік ор­ган­дарының іс-қимыл­дарын кедер­гі­л­ер немесе шектеу­лер деп тану тура­лы шешімдер қа­был­­дау алго­ритмі егжей-тег­жей­лі си­пат­тал­ған. Сонымен қатар әдіс­те­ме өзара сау­дадағы кедер­гілерді жік­теуді көз­дейді. Әдіс­темеде кедер­гі­лер­ді жою үшін мүше мемлекет қабыл­даған шаралардың жет­кілік­тілігін тексерудің қосымша кезеңі түрінде жойылған деп тану­дың белгілі бір рәсімдері көзделеді.

Еске сала кетейік, аталған құ­жатты қабылдауға қазақстандық тарап бастамашы болды. Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуын­ша, әдістеме мүше мемлекеттердің на­рық­тарына қол жеткізу пробле­маларын кедергілер ретінде жік­теуге мүмкіндік береді және өтініш­терді қарау мерзімдерін қатаң рег­ла­менттейді. Қазақстандық тарап кедер­гілерді жою процесін нақ­ты регламенттеу және қарау мер­зімдерін барынша қысқарту қажет­тігі туралы ұстанымын бірнеше рет білдірді.

«Біз әріптестерімізді осы құжат­ты қалыптастыру кезінде қағидатты түрде жаңа тәсілдерді ескеруге көн­діре алдық. Яғни әрбір кезең әдіс­нама бойынша барлық іс-әре­кет­тердің мерзімдері регламенттел­ген және қысқартылған. Бұл өз кезе­гінде жекелеген жағдайларды қарау­ды кешіктіру мүмкіндігін болдырмайды. Сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша ақпараттық ресурс құру қарастырылған. Ке­дер­гілерді жойылған деп тану тәртібі қарастырылған, бұл оны толық жоюға ықпал етеді. Жаңа әдістемені қабылдау ЕАЭО кеңістігінде бизнес-қоғамдастықтың қызметін жеңілдету бойынша да, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының мүдделерін қорғау бойынша да жұмысты жүйелі және ашық жүргізуге мүмкіндік береді» деді Ж.Кушукова.