2021 жылдың 3 ақпаны мен 17 наурызы аралығында «Министрлік күні» аясында 700-ден астам адамның, оның ішінде 300-ден астам ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру тетіктеріне арналған 16 онлайн стратегиялық сессия өткізілді.
Сессия барысында ведомство өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және ҮЕҰ үшін қаржыландыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолданыстағы тетіктер туралы жіті түсіндірді.
Одан өзге, министрлік стратегиялық сессияларының арқасында әр өңірде ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ҮЕҰ мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетудің қолданыстағы тетіктері бойынша проблемалық мәселелер блогын белгіледі.
Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа демпингті жою, ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстарға қатысудағы өңірлік шектеулерді белгілеу, гранттардың салалық қағидатын кеңейту, халықтың қажеттіліктерін бағалауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру және тағы басқа сұрақтар көтерілді.
Аталған мәселелерді шешіп, ұсыныстарды әзірлеу бойынша министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылардың және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құрды.
Бұған қоса, ҮЕҰ мемлекеттік қолдау тетіктерін реттейтін нормативтік актілерді жетілдіру бөлігі бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалау қағидаларына, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ Қаржы министрлігімен бірлесіп Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар іске асырылып жатыр.
Бүгінгі таңда заңнаманы жетілдіру және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ішкі регламенттерін қайта қарау шеңберінде гранттық қолдау жүйесін қайта жетілдіріледі.
Ведомствоға бағынысты Азаматтық қоғам істері комитеті өңірлік қоғамдастық өкілдерінен сындарлы ұсыныстарды жинады. Жоғарыда аталған ұсыныстар қорытылып, Министрліктің алдағы жұмысында ескерілетін болады.