Коронавирус • 30 Наурыз, 2021

Қариялардың қауіпсіздігін ойлау қажет

177 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Наурыз айындағы мейрамдар, дәстүрлі «көрісу күні» аясында отбасылық шаралар көбейген.

Қариялардың қауіпсіздігін ойлау қажет

Өзін өзі күтіп, көпшілік жергебармай, үйде отырған ардагер қариялардың кейбірі осы наурыз айында үйге келген қонақтардың себебінен ауырып қалған.

Коронавирус әсіресе егде адамдарға қатерлідерт. Сондықтан аяулы ардагерлерімізді қатергебайламайық. Жергілікті шенеуніктерге, жалпыкөпшілікке айтарым, қарттарды тек телефон арқылы құттықтаңыздар. Сыйлықтарыңыз болса, оны еріктілер арқылы жолдаңыздар. Немесекарантин талаптарын қатаң сақтап қанакездесіңіздер, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиевнаурыздың 29-ы күні өткен штаб отырысында.

Расында да облыс соңғы апталар бойы «қызылаймақтан» шыға алмай келеді. Жыл басынан беріөңірде COVID-19 дертінен 68 адам қайтысболған. Қайтыс болғандардың 74 пайызы 65-тен асқан адамдар. Марқұмдардың 56-сы қалада, 12-сі ауылда тұрған. 36-сы – әйел, 32-сі – ер адамекен. Наурыз айының ішінде 25 адам осы дерттен көз жұмыпты. Облыстың бас санитары Мұхамғали Арыспаев жақында өткен наурызмейрамдарының «жемісі» алдағы аптада белгіліболады дейді. Яғни вирус жұқтырғандар саны тағы өсуі мүмкін. Наурыз айы басталғалы өңірдеCOVID-19 жұқтырған 1 868 оқиға тіркелген. Осы індеттен емдейтін 8 инфекциялықстационарда жалпы саны 596 орын болса, қазіронда 355 адам емделіп жатыр екен. Яғниауруханалар 59,6 пайызға толық.

Былтыр жаздан кейін коронавирус дертініңбеті қайтып, бір қалыпқа түскелі беріауруханаларда жатқан науқастар саны 180 адамның төңірегінде болатын. Соңғы кезде бұлсан екі есе артып кетті. Бұл қауіпті жағдай, – дейді облыстық денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Арман Талғатұлы.

М.Арыспаев облыстық штаб отырысындахалықтың көпшілік шараларды жасырып өткізуіжиілеп кеткенін, сараптама нәтижесі 566 адамның вирусты көпшілік орындардажұқтырғанын, 544 науқас қоғамдық көліктенауру тапқанын, 115 адамның мерекелікшараларға қатысып дертті болғанын айтты. «Облыста жұмыс істеп тұрған 168 мониторинг тобының жұмысы мардымсыз. Наурыз айында10 адамға ғана бетпердесіз жүргені үшін хаттаматолтырылған, көп адам жинап той-томалақөткізген 2 оқиға ғана әшкереленген, бұл өте аз» деді бас санитар.

Батыс Қазақстан облысы – 16 наурыздан бері«қызыл аймақта». Бас санитардың қаулысыменөңірде карантин шаралары күшейтілді. М.Арыспаев шектеу шараларын 16 сәуірге дейінұзарту қажет деген пікірде.

Орал қаласының әкімі өз сөзінде қалалықмониторингтік топтар жыл басынан берікарантин талабы бұзылған 94 оқиғаны тіркеп, 44 хаттама толтырылғанын жеткізді. Осы наурызайында ғана 19 оқиға әшкере болыпты. Оныңішінде «Ләззат» мейрамханасындағы 60 адамдықтой, «Дина» тойханасында 90 адам қатысқан той анықталған.

Біз бұған дейін карантин тәртібін бұзып, көпшілік шара өткізген мейрамхана-тойханабасшыларын, ұйымдастырушыларды жазалап, айыппұл салып келдік. Енді осындай шарағақатысқан әр адамға 83 мың теңге көлеміндеайыппұл салуды ұсынамын. Мұндай қатаңшараға өңірдегі қауіпті жағдай мәжбүрлеп отыр, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.

Штаб отырысында облыс әкімінің орынбасарыБақытжан Нарымбетов білім саласындақалыптасқан ахуалға шолу жасады. Мәселен, өңірдегі 379 білім беру ұйымының 278-і қазірштаттық режімде қызмет етеді. Онда 28 мыңғажуық оқушы білім алады. Сондай-ақ 100 мектепте 83 мыңға жуық оқушы араласформатта оқып жүр. Тек бір мектеп 240 оқушыны қашықтан оқытуда.

Биылғы оқу жылының төртінші тоқсаны 1 сәуірде басталады. Білім беру орындарындасанитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуықатаң бақылауда. Бұған жауапты мамандар тағайындалған. Өңірдегі барлық 57 302 оқушының ішінен 209 оқушы және 38 педагог COVID-19 жұқтырған. Бірақ олардың бір де бірі мектеп ішінде болған жағдай емес, – деді Бақытжан Хаберұлы. Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде педагог мамандарын коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы қызу жүруде.

Қазақта «атыңды аясаң, айылын қатты тарт» деген сөз бар. Өңірдегі карантин талаптарының қатаңдауыхалықтың қамын ойлағаннан туған қарекет, қауіпті вирусты одан әрі таратпаудың қамы. Сондықтан халық қауіпсіздік шараларының күшейгеніне түсіністікпен қарап отыр.