Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Оралда 6 адам газдан уланып қалған

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында 6 адам табиғи газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 наурыз күні таңмен Мәскеу көшесі 43-мекенжайында болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда 6 адам газдан уланып қалған

Сағат 09:24-те жедел жәрдем шақырылып, бригада 5 минуттан кейін жетті. 39 жастағы әйел 11 жасар қызы, 5 жасар және бір жасқа толмаған ұлдарымен орта дәрежелі табиғи газдан уланған. Балалар анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апарылды.

Сондай-ақ орта дәрежелі табиғи газдан уланған 65 жастағы ер және 64 жастағы әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.