Медицина • 31 Наурыз, 2021

Жаңа штамдар отандық зертханада анықталды

1184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылдан бастап М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде АҚИҰҒО Орталық референттік зертханасы базасында COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу бойынша бірлескен зерттеу басталды.

 

Жаңа штамдар отандық зертханада анықталды

Орталықтың референттік зертханасының бірегей мүмкіндіктерінің нәтижесінде бүгінде екі вакцина алынды – наноэмульсиялық майлы адъювант негізіндегі суббірлікті вакцина және нанобөлшектерге негізделген вакцина. Бұлар NARUVAX-C19 және NARUVAX-C19/Nano атауымен ДДҰ-ның кандидат вакциналар тізіміне енгізілген және қазір АҚИҰҒО жануарларға SPF-те клиникаға дейінгі зерттеуден өткізуде.

SARS-CoV-2 вирусының өзгергіштігін және вакциналау науқанына қауіп төндіруі ықтимал кейбір мутациялар туралы хабарламаларды назарға ала отырып, АҚИҰҒО зертханасының BSL-3 базасында ҚазҰАУ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағындағы вирустың жаңа штамдарын бөлу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы уақытқа дейін ҚазҰАУ халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновтың жетекшілігімен Біріккен зерттеу тобы 2020 жылдың маусым және желтоқсан айларында SARS-CoV-2 вирусының 12-ге жуық штамын бөліп шығарды, оның ішінде 3 штамм АҚИҰҒО микроорганизмдер коллекциясына сақтауға берілді және «hCoV-19/Kazakhstan/KazNAU-NSCEDI-481/2020 KKZI KA-294 вирусының штамы» деген атаумен бір штамға патент алынды. Coronaviridae тұқымдасының betacoronavirus түрінің coronavirus Клайд g, иммунобиологиялық препараттарды дайындауға, тестілеуге және in vitro және in vivo түрлі субстансалардың вирусқа қарсы белсенділігін анықтауға арналған.

Патент иесі – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы. SARS-CoV-2 вирусының 6 штамы бойынша S гендерінің толық нуклеотидтік тізбегі GISAID халықаралық деректер базасында жарияланған.

2021 жылғы 19 наурызда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша Covid-19 вирусынан «британдық», «оңтүстік африкалық», «бразилиялық» штамдарға тән ықтимал мутациялар анықталғанын хабарлады.

2021 жылғы 18 наурызда аталған мутацияларды нақтылау үшін ведомствоның «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы 12 сынама үлгіні ҚазҰАУ және АҚИҰҒО халықаралық вакцинология орталығына берді.

TreeGene генетикалық зертханасымен бірлесе отырып, жедел және үйлесімді бірлескен жұмыстың нәтижесінде қысқа мерзімде екі үлгінің толық S гені ретке келтірілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бір S үлгісінде геннің құрамында «британдық штамм» B. 1.1.7-ге тән аминқышқыл алмастырғыш бар. Екінші сынамада – S генінде «Оңтүстік Африка штамына» B. 1. 351 толығымен тән аминқышқыл алмастырғыш пен делециялары бар. Екі үлгі гендерінің толық нуклеотидтік тізбегі GISAID халықаралық деректер базасында EPI_ISL_1346635 және EPI_ISL_1346632 нөмірлерімен жарияланған.

Қазір біріккен зерттеу тобы АҚИҰҒО Референттік зертханасының базасында осы вирустарды бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл вирустар біздің ғалымдарға COVID-19-ға қарсы отандық және шетелдік вакциналар мен дәрі-дәрмектердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.