Аймақтық Коммуникациялар қызметінің өкілі: «Иммундау кезеңі басталғаннан беру жергілікті 8693 адамға вакцина егілді, соның ішінде бір компонент – 6854 адам, 2 компонент– 1839 адамға егілген. Вакцина егілген соң қолайсыз жайғдайлар тіркелген жоқ», деп айтып өтті.
Бүгінде облысқа вакцинаның 12900 дозасы келіп жетті, соның ішінде 1 компонентті дозадан – 7200, 2 компонентті дозадан – 5700 вакцина бар. Тұрғындардың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылып отыр.
Атап өтейік, 30-31 наурыз күндері Қостанай облысында COVID-19 вирусын жұқтыру оқиғаларының саны бір деңгейде (37оқиға) тұр. Тәулік ішінде ауруға шалдығу өсімінің қарқыны 0,27 пайызды құраған. Облыста былтырғы 3 сәуірден бастап биылғы 31 наурызға дейін COVID-19 вирусына шалдығудың 13821 оқиғасы тіркелген. Жазылып шыққан науқастар саны – 12293 адам.