Өткен тәулікте Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді.
5 164 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 135 адам, анықтамасыз 29 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 504 жолаушы, анықтамамен – 2 487, анықтамасыз – 17;
Шымкент қаласының әуежайына – 12 рейс, барлық 1 352 жолаушы анықтамамен келген;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 568 жолаушы, анықтамамен - 557; анықтамасыз - 11.
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 292 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтобе қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 240 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 70 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 137; анықтамасыз - 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 30 наурызда шетелден анықтамасыз келген 15 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар 2021 жылдың 26 наурызында Душанбе – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.