Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Алматыда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілді

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бірінші санаттағы жұмыртқаларға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілді

«Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары «тауық жұмыртқасына (I санатты)» шекті қолжетімді бөлшек баға 30 күнтізбелік күн мерзімге он данасы үшін 487 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр. Бұл шара нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеуге бағытталып отыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңында қарақұмық жармасы мен қантқа шекті баға белгілеу қалада өнімнің бір келісінің орташа құнын, сәйкесінше, 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгене дейін төмендетуге мүмкіндік бергені айтылды.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Бағалардың сақталуын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылайды. Ережебұзушылық бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл салынады.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35