Ашық біріншілікте қазақстандық «TTС Karaganda» командасы да бақ сынайды. Клуб қатарында Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкиналар бар. Команданың бас бапкері – Татьяна Ким.
Айта кетейік, екінші топта сынға түсетін қазақстандықтар «УГМК-УОР» (Верхняя Пышма), ОСШОР (Тюмень), «Звезда» (Серпухов), «Сабы-Татарстан» (Богатые Сабы), «Факел-1» (Оренбург), «Луч-Росток» (Екатеринбург), «Малинка» (Мәскеу) командаларына қарсы ойнайды.