Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Алматыда 13 жыл бойы іздеуде жүрген қарақшы ұсталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полицейлері ресейлік әріптестеріне 13 жыл іздеуде болған қарақшыны ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 13 жыл бойы іздеуде жүрген қарақшы ұсталды

2008 жылы «М» есімді азамат (1990 жылғы) өзінің «П» есімді досымен Саратов облысының Энгельс қаласында әйел адамға шабуыл жасап, ақшасын алып кеткен.

«Осы факті бойынша Саратов облысының Энгельс муниципалды ауданының ІІБ жанындағы ТБ-да Ресей Федерациясы ҚК-нің 162-бабы 2-бөлімі (Қарақшылық шабуыл) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірі ұсталып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. «М» есімді азамат қашып үлгерді. Оған қатысты іздеу ісі ашылды: ооған 2008 жылдың шілде айында мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды», деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Шамамен 13 жыл өткен соң Алматы полициясы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қашқынды ұстады. Қазір уақытта күдікті қамауда. Қылмыскерді экстрадициялау мәселелері Минск конвенциясына сәйкес шешілетін болады.