Медицина • 02 Сәуір, 2021

Шығыс Қазақстанда жоғары оқу орнының қызметкерлері екпе салдырып жатыр

5551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 наурыздан бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда жоғары оқу орнының қызметкерлері екпе салдырып жатыр

Аты жаман індетке қарсы екпені оқу орнында алғашқылардың бірі болып, университет ректоры Жасұлан Шаймарданов алды. Сол күні ректор қызметкерлермен вакцинаға байланысты өз пікірімен бөлісіп, оның маңыздылығы туралы айтты. Осылайша, бірінші күні білім ордасының 50-ге жуық  маманы екпе салдырды.

ШҚТУ-дың бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина дәрігердің қарауынан кейін екпе процедурасына екі-ақ минут уақыт кететінін айтады.

– Әр азамат туралы ақпарат электронды базада бар екен. Дәрігер оны қарап, пациенттің қан қысымын тексеріп, коронавирус инфекциясы симптомдары болған болмағанын сұрады. Кейін екпе салдыруға келісім беретін қағазға қол қойғызды. Процедурадан кейін мені жарты сағаттай өз бақылауларында ұстады. Шынымды айтсам, ерекше ештене сезбедім, жағдайым әдеттегідей болды, – деді проректор. 

Екпе салдырғаннан кейін науқастың ұялы телефонына «Спутник-V» препаратының бірінші дозасын алғаны туралы және екінші компонентті салатын уақыты көтсетілген SMS хабарлама келеді.

Айта кетерлігі, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл пандемиядан вакцина жасау арқылы ғана шыға алатынымызды айтқан болатын.