Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Өскеменде ер адам жеделсатының есігіне қысылып қалып қайтыс болды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында электрші жеделсатының есігіне қысылып қалып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде ер адам жеделсатының есігіне қысылып қалып қайтыс болды

Өкінішке қарай, ер адам жеделсатыға кірген бетте-ақ, оны есіктер қысып қалған.

Ана мен бала орталығының директоры Ермек Омарбеков: «Жұмысшыны жеделсатының есіктері қысып қалып, сол күйінде ғимарат қабаттарына тоқтаған. Еске сала кетейін, жуырда бұл жеделсаты тексерістен өтті. Бізде бұған дәлелдеріміз де бар», деп ақталды.

Мекеме басшысының айтуынша, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ. Сөз соңында ол жазатайым жағдай болғанын, сондықтан Шығыс Қазақстан облыстық Еңбек және қорғау департменті тікелей жұмылдырылатынын айтты.