Қазақстан • 05 Сәуір, 2021

QazVac вакцинасы бірегей құрылғыда өндіріледі

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көптеген елде вакцина бірінші және екінші фазадан кейін ғана пайдалануға беріледі. Қазақстанда вакцинаны терең әрі мұқият зерделеу үшін клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің жартысы қосылды.

QazVac вакцинасы бірегей құрылғыда өндіріледі

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

«Назардағы басты мәсе­ле, бұл – адамдардың денсау­лығы. Біз Денсаулық сақтау министр­лігімен келісіп, клини­калық зерт­теулердің үшінші кезеңінде вак­цинаның әсерін толығырақ зерт­теу үшін осындай тактиканы қол­дандық. Қазіргі уақытта вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында Білім және ғылым министрлігі сатып алған құрал-жабдықтармен өндіріліп жатыр. Бұл – бірегей құрылғы. Егер мұндай құрылғы қолда болмағанда, біз бүгінгідей тамаша нәтиже көрсете алмас едік», деді Білім және ғылым министр­лігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік пробле­малары ғылыми-зерттеу инс­титу­тының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Қазақстандық ғалымдар отан­дық вакцинаны 2020 жылдың 9 мамырында әзірлегенін айта кеткен жөн. Ол қауіпсіз технология бойын­ша иммуностимулятор қосу ар­қылы өлтірілген вирустан жасалды.

2020 жылдың 17 қыркүйегінде 44 еріктінің қатысуымен кли­никалық зерттеулердің I кезеңі басталды. Вакцина қауіпсіз еке­нін көрсетті. Еріктілердің жағ­дайы қалыпты болды. 17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталды. Оған 200 волонтер қа­тысты. Зерттеу нәтижелері бо­йынша вакцина жоғары иммуно­генділік пен тиімділігін көрсетті.

Былтыр 19 желтоқсанда Ден­саулық сақтау министрлігі кли­никалық сынақтардың қоры­тынды III фазасын жүргізуге рұқсат берді. 3 мың адам ерікті болып, QazVac брендімен QazCovid-in вакцинасы егілді. Вак­­цина еріктілерге арасына 21 күн салып, 2 мәрте егілді. Нә­ти­жесінде, олардың қанында қажет­ті қорғаныс антиденелері пайда болды. Еріктілердің жағ­дайы жақсы, шағымдары бол­ған жоқ. Білім және ғылым министр­лігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы сәуір айы­ның соңында клиникалық зерт­теулердің III фазасының ара­лық нәтижелері белгілі болады. Содан кейін отандық вакцина жаппай пайдалануға жіберіледі.