Аймақтар • 05 Сәуір, 2021

Шығыс Қазақстанда газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында жер үйде газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 сәуірде сағат 06.43-те Веселовка кентіндегі Ленин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер аттанды.

«Құтқарушылар жеткен кезде отқа оранған үйдегі газ баллоны жарылды. Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екендігін айтқан. Өрт сөндірушілер жанып жатқан тұрғын үйге кіріп, 1969 жылғы әйелдің денесін тауып алды. Анықталғандай, ол I топ мүгедегі болған», делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болған.

Жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған жалын көп ұзамай ауыздықталды. Өртт сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.