Спорт • 05 Сәуір, 2021

Дзюдошылар Бішкекте белдеседі

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Қырғыстанның астанасы – Бішкекте дзюдодан Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің біріншілігі басталады. Бұл жарысқа 30 мемлекеттен келген 215 балуан қатысады. 

Дзюдошылар Бішкекте белдеседі

Қазақ елі намысын 17 өреніміз қорғайды. Ұлттық командамыздың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев айтулы додаға ең үздік шәкірттерін қосуды құп көрген екен. Атап айтсақ, Бішкекте Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кило), Елдос Жұмаханов (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев (81 кило), Ислам Бозбаев (90 кило), Айбек Серікбаев (100 кило) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) сынды сайыпқырандар белдеседі.  

Ал әйелдер сайысында Отгонцэцэг Галбадрах пен Әбиба Әбужақынова (48 кило), Ғалия Тынбаева мен Нұрсұлу Ералиева (52 кило), Севара Нишанбаева (57 кило), Иоланта Бердібекова (63 кило), Зере Бектасқызы (70 кило) және Камила Берліқаш (+78 кило) татамиге шығады.