Саясат • 06 Сәуір, 2021

Қазақстан елшісі Бразилия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов Бразилия президенті Жаир Болсонаруға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Бразилия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

«Планалту» сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде дипломат сұхбаттасушысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін және ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі мемлекет арасындағы саяси диалогтың тұрақтылығын, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуетті, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы өзара іс-әрекеттерді атап өтті. Б.Нүсіпов Қазақстанның ауыл шаруашылығы, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, өзара сауда саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және Қазақстан экономикасына бразилиялық инвестицияларды тартуға мүдделілігін атап өтті.

Өз кезегінде Ж.Болсонару оған жолданған жылы құттықтау тіліктері үшін ризашылығын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін шын жүректен одан әрі табысқа жетуді шынайы тілектерін жеткізді. Сонымен катар Бразилия президенті өз елінің Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында белсенді өзара әрекеттесуге дайын екендігін білдірді.