Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Полицейлерге жалған хабар таратқан ер адам қамалды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдың басында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қоңырау шалып, танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатылғанын хабарлаған.

Полицейлерге жалған хабар таратқан ер адам қамалды

Хабар алған полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар ГЭС аумағын түгел тексерген. Алайда хабарлама жалған болып шықты.

Анықталғандай, екі ер адамның ішімдік ішкен. Содан кейін бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Кек қайтару мақсатында ма екен, бірі жалған ақпарат айтып, полицияға қоңырау соққан. Соңы сотқа апарып соғарын сезбесе керек.

2021 жылғы 16 наурызда Глубокое аудандық соты 55 жастағы ер адамды ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі 31.03.2021 жылы заңды күшіне енді.