Барлық инфекциялық стационарларда 3 146 адам (87 баланың жағдайы жеңіл және орташа дәрежеде) емделіп жатыр, оның ішінде 77 ересек науқастың халі аса ауыр, 570 адамның жағдайы ауыр, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 499 пациент бар.
Барлық емделіп шыққандар – 449, жаңадан келіп түскені – 309 адам. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 177 науқас жатыр.
Сонымен қатар 1 ақпаннан 5 сәуірге дейін Спутник V вакцинасын 44 315 адам салдырды. Оның ішінде 6 200 вакцинаның екі компонентін алды. 2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азаматқа вакцина егілді. Өткен тәулікте 4764 адамға вакцина егілді. Вакцинаның қалған саны - 6 335 доза, вакцинация процесі жалғасуда. 2021 жылдың 9 сәуір күні вакцинаның 5 траншы бойынша 57 445 доза көлемінде күтілуде. Ал 2021 жылдың 13 мамыр күні 57 445 доза күтілуде.
Айдың соңына дейін барлығы 114 890 доза таратылады.